8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2026 357 0
Білім

Соңғы қоңырау сыңғырлады

Бүгін облыстағы 126 мыңнан астам оқушы үшін оқу жылы аяқталып, 382 мектепте соңғы қоңырау салтанаты ұйымдастырылды. Осындай әсерлі шаралардың бірі Орал қаласындағы Балауса шағынауданында орналасқан №52 жалпы орта білім беретін мектебінде өтті.

Биыл бұл білім ордасынан 71 оқушы түлеп ұшып отыр. Ерекше атап өтерлігі, бұл – мектеп тарихындағы алғашқы түлектер.

Мерекелік шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, жас түлектерге сәттілік пен жарқын болашақ тіледі.

– Мектеп бітіру мерекесі – қимастық пен қуаныш сезімдері араласқан жас түлектер үшін ұмытылмас күн. Себебі, соңғы қоңыраумен бірге сіздердің өмірлеріңізде жаңа кезең басталады. Мемлекет басшысы атап өткендей, болашақ – өздеріңіз сияқты жастардың қолында. Білімді ұрпақ қана ел дамуына даңғыл жол ашады,- деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

Жас түлектер үшін бүгінгі соңғы қоңырау – балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге бағыт алған ерекше сәт. Енді оларды жаңа арман, жаңа мүмкіндік пен жарқын болашақ күтіп тұр. Ақ жол, жас түлек!

Әдемі Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
241 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
272 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
249 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
287 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»