8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Мамыр 2026 322 0
Білім

БҚО-да биыл 8 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді

Биыл өңірдегі 382 мектепте білім алып жатқан 126 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтайды.

Облыс бойынша 10 440 оқушы 9-сыныпты тәмамдаса, 8 179 түлек 11-сыныпты аяқтап, мектеп қабырғасынан үлкен өмірге қадам басады. Сондай-ақ биыл 437 оқушы «Алтын белгіге», 448 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер болып отыр.

Қорытынды аттестаттау бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. 9-сынып оқушыларының қорытынды емтихандары 29 мамыр мен 11 маусым аралығына жоспарланған. Ал 11-сынып түлектері мемлекеттік емтихандарды 2–15 маусым күндері тапсырады.

– Қазіргі уақытта барлық білім беру ұйымында қорытынды аттестаттауды талапқа сай өткізуге бағытталған дайындық жұмыстары жүргізілуде. Емтихандардың ашық әрі әділ өтуі басты назарда,- деді облыстық білім басқармасының басшысы.

Білім беру ұйымдарында емтихан кезеңін ұйымдастыру, қауіпсіздік шараларын сақтау, оқушыларға қолайлы жағдай жасау және аттестаттаудың әділ өтуін қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар қолға алынған. Жауапты мамандар тарапынан мектептерге әдістемелік қолдау көрсетіліп, ұйымдастыру мәселелері пысықталуда.

Сонымен қатар өңірде мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша да жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Қазіргі таңда облыста 571 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның 190-ы – жекеменшік балабақша.

Балабақшаға қабылдау толықтай электронды форматта жүзеге асырылады. Ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілген Орал қаласы мен Бәйтерек ауданында қабылдау 1 шілдеден басталады. Ал қалған аудандарда қабылдау 1 тамыздан бастап жүргізіледі.

Жаңа оқу жылына дайындық аясында білім беру ұйымдарындағы ұйымдастыру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасын табады.

Әдемі Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
257 0
Өңір жаңалықтары
Хан тоғайындағы өрт оқшауланды
28 Шілде 2026
95 0
Өңір жаңалықтары
Хан тоғайын өрт шарпыды
27 Шілде 2026
109 0
Құрылтай-2026
Шетелде дауыс беру
27 Шілде 2026
117 0
Құрылтай-2026
«Совет да согласие – залог успеха»
26 Шілде 2026
156 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»