8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Мамыр 2026 63 0
Заң және тәртіп

«Қауіпсіз өңір»: БҚО-ның барлық ауылында криминогендік паспорт болады

Батыс Қазақстан облысында қоғамдық қауіпсіздікті күшейту және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта өңірдегі барлық елді мекен бойынша криминогендік паспорттар әзірленіп жатыр. Бұл құжат әр ауылдағы ахуалды нақты бағалап, тәуекелді аймақтарды анықтауға және алдын алу шараларын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Аталған мәселе облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлының төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында талқыланды. Жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, құқық қорғау органдарының басшылары, мәслихат депутаттары мен қоғам өкілдері қатысты.

Кеңесте «Қауіпсіз өңір» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Орал қаласында 52 көше мен 29 аулада жарықтандыру жүргізіліп, облыс орталығы мен ауылдық елді мекендерде интеллектуалды бейнебақылау жүйелері орнатылуда. Сонымен қатар шілде айына дейін барлық ауданда жедел басқару орталықтарын іске қосу жоспарланған.

Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде биыл өңірде қылмыс деңгейі 18 пайызға төмендеген. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру басты назарда болады.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жауапты құрылымдарға оң көрсеткіштермен шектелмей, әлі де өзекті мәселелерге жіті назар аударып, профилактикалық жұмысты күшейтуді тапсырды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Әділетті Қазақстан» адал азаматтардан құралады. Заң мен тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықпен күрес – ортақ міндетіміз. Мас күйінде көлік жүргізу, мал ұрлығы деректері азаяр емес. Профилактикалық жұмыстарды жандандыру қажет. Аудан әкімдері әрбір елді мекеннің криминогендік паспортының сапалы жасақталуына жауапты болуға тиіс, – деді Нариман Төреғалиев.

Аймақ басшысы облыс прокуратурасының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Қауіпсіз өңір» жобасына жергілікті кәсіпкерлер мен қоғам белсенділерінің де үлес қосып жүргенін атап өтіп, алдағы уақытта бірлескен жұмысты күшейтуді тапсырды.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Халықаралық әуе рейстерінің саны артады
20 Мамыр 2026
145 0
Өңір жаңалықтары
№18А кәріз-сорғы стансасы іске қосылды
19 Мамыр 2026
186 0
Қалалықтар қаперіне
Өңірде шомылуға рұқсат етілген 34 орын белгіленді
19 Мамыр 2026
357 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»