Қазақстан ДЖДҰ-ның 93-ші Бас сессиясында аусылдан таза ел мәртебесін алды
Париж қаласында өткен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (WOAH) 93-ші Бас сессиясында ұйымға мүше 183 елдің делегаттары Қазақстанға аусылға қарсы вакцинацияланған таза аймақ мәртебесін беру туралы шешім қабылдады. Ресми сертификат бүгін Қазақстан делегациясына табысталды.

Осылайша, WOAH халықаралық стандарттарына сәйкес, енді еліміздің бүкіл аумағы аусыл ауруынан таза деп танылды.
Шығыс және Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстан ғана осындай мәртебеге ие.
Бұл 2024 жылдан бері ел үкіметі жүргізіп келе жатқан ауқымды әрі жүйелі жұмыстың нәтижесі. Мемлекеттің ветеринариялық жүйесін даярлау және бағалау аясында эпизоотиялық ахуалды тұрақты сақтау, ветеринариялық бақылаудың тиімділігін арттыру және биологиялық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру мақсатында ветеринариялық-профилактикалық, мониторингтік, ұйымдастырушылық және бақылау шаралары кешенді қолға алынды.
«Қазақстан халықаралық деңгейде мойындалған эпизоотиялық қауіпсіздік жүйесін дәйекті түрде нығайтып, ұлттық ветеринариялық қауіпсіздіктің деңгейінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Бүгінде еліміздің бүкіл аумағы аусылға қарсы вакцинацияланған таза халықаралық аймақтармен қамтылды. Бұл ел үшін үлкен жетістік.
Сонымен қатар Қазақстан жыл сайын африкалық жылқы обасы мен классикалық шошқа обасы бойынша да қауіпсіз екенін дәлелдеп келеді, сондай-ақ WOAH талаптарына сәйкес құс тұмауының жоғары патогенді түрі мен африкалық шошқа обасына қатысты өзіндік декларацияларын тұрақты түрде қолдап отыр», – деді Айдарбек Сапаров.
Министрдің айтуынша, бұл мәртебе Қазақстанның халықаралық беделін нығайтып, шетелдік сауда серіктестерінің сенімін арттыруға және отандық мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін кеңейтуге жол ашады.
Аталға ұйымның 93-ші Бас сессиясы аясында Ауыл шаруашылығы министрі бастаған қазақстандық делегация халықаралық ветеринария саласындағы негізгі мәселелерді талқылауға белсенді қатысты. Әсіресе биологиялық қауіпсіздік, жануарлардың трансшекаралық ауруларына қарсы күрес және ветеринария саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне баса назар аударылды.
Сессия аясында Айдарбек Сапаров ұйымның Бас директоры Эммануэль Субейранмен кездесті. Ол Қазақстан ветеринариялық қызметті дамытуда, WOAH халықаралық стандарттарын енгізуде және Орталық Азиядағы өңірлік өзара іс-қимылды нығайтуда жүйелі әрі дәйекті тәсіл ұстанып отырғанын атап өтті.
Эммануэль Субейран ұйымға мүше мемлекеттерге министрлік дөңгелек үстелі мен ұйымның Бас сессиясы аясында Қазақстанның ғылыми-диагностикалық әлеуетті дамыту бағытындағы жұмысын жоғары бағалап, ветеринариялық қызметті жаңғыртудағы оң тәжірибені таныстыруды ұсынды.
Айта кетейік, Айдарбек Сапаров WOAH министрлік дөңгелек үстелі мен Бас сессиясында сөз сөйлеген Орталық Азия елдері арасындағы жалғыз ауыл шаруашылығы министрі болды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру