8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Мамыр 2026 389 0
Заң және тәртіп

БҚО-да 250-ден астам құқық бұзушы қоғамдық жұмыстарға тартылды

БҚО Полиция департаментінің профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін құқық бұзушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы сот қаулыларының орындалуына мониторинг жүргізді.

Еске сала кетейік, әкімшілік жазаның бұл түрі өткен жылдың қыркүйек айынан бастап енгізіліп, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 11 бабы бойынша қолданылады.

Бүгінгі таңда қоғамдық жұмыстарға 250-ден астам құқық бұзушы тартылды.

Қоғамдық жұмыстар — құқық бұзушылықтардың алдын алуға, «Заң және тәртіп» қағидатын нығайтуға, азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыруға және заңнаманы сақтау жауапкершілігін арттыруға бағытталған әкімшілік ықпал ету шараларының бірі.

Осыған байланысты азаматтарды қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырамыз.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
258 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
287 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
265 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
299 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»