8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Мамыр 2026 387 0
Жол / Құрылыс

Деркөл кентіне қарасты Ветелки ауылы жолының құрылысы басталды

Орал қаласына қарасты Деркөл кентінің Ветелки ауылына апаратын жолда құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі таңда нысанда дайындық кезеңі жүргізіліп жатыр. Жол өтетін аумақта қырып-тазалау жұмыстары атқарылып, құрылыс алаңы арнайы техникалардың көмегімен ретке келтірілуде.

Жобаға сәйкес, жалпы ұзындығы 14,8 шақырым болатын жол салу жоспарланған. Аталған жұмыс ауыл тұрғындары үшін маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі саналады. Жолдың салынуы елді мекендер арасындағы қатынасты жеңілдетіп, тұрғындардың қалаға және өзге де бағыттарға қатынауына қолайлы жағдай жасайды. Сонымен қатар көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттырып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.

Құрылыс жұмыстарының барысын Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев арнайы барып қарап шықты. Нысанды аралау барысында жауапты мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, жұмыстың сапасына ерекше мән беру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ құрылыс барысын бекітілген кестеге сай жүргізу және барлық талаптарды қатаң сақтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Жол құрылысын «Ануш-Құрылыс» ЖШС жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта мердігер мекеме тарапынан дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп, алдағы негізгі құрылыс кезеңіне қажетті шаралар қолға алынған.

Жоба толық аяқталғаннан кейін Ветелки ауылының тұрғындары үшін жол қатынасы едәуір жақсарып, күнделікті қозғалысқа қолайлы жағдай қалыптасады.

Әдемі Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»