8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Мамыр 2026 409 0
Мезгіл мәселесі

Облыста 455 мың гектар алқап шегірткеге қарсы өңделеді

Биыл Батыс Қазақстан облысында шегіртке тектес зиянкестерге қарсы фитосанитариялық өңдеу жұмыстары 455 мың гектар аумақта жүргізіледі. Бұл жұмыстар республикалық және облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылады.


Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының облыстық филиалы мамандары жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша өңдеуге жататын аумақтар нақтыланды. Оның ішінде 229,3 мың гектар алқап үйірлі шегірткеге, ал 225,7 мың гектар саяқ шегірткеге қарсы өңделмек.

Қазіргі таңда зиянкестермен күрес шараларына жауапты мердігер мекемелер анықталып, қажетті химиялық препараттар мен арнайы техникаларды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, өңдеу жұмыстары белгіленген мерзімде басталып, фитосанитариялық ахуал тұрақты бақылауда болады.

Зиянкестермен күреске жұмылдырылатын техникалардың әзірлігі тексерілді. Биыл өңдеу жұмыстарына жер үсті желдеткіш бүріккіштері, аэрозольді генераторлар, аса жеңіл ұшақтар және өзге де арнайы техникалар жұмылдырылмақ. Жалпы саны 58 техника пайдалануға дайындалуда.

Кейінгі жылдары зиянкестерді анықтау және оларға қарсы күрес жүргізу барысында заманауи технологиялардың тиімділігі артып келеді. Осы бағытта биыл мониторинг және улау жұмыстарына 6 ұшқышсыз ұшу аппараты тартылады. Дрондар алқаптарды жедел бақылауға, зиянкестер шоғырланған аумақтарды дәл анықтауға және өңдеу жұмыстарының сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Мамандар шегіртке тектес зиянкестердің таралуын дер кезінде анықтау ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғауда маңызды екенін атап өтті. Сондықтан облыс аумағында фитосанитариялық бақылау жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады.

Әдемі Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»