8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Мамыр 2026 399 0
Жаңа қоныс

Оралда тағы 10 отбасы баспаналы болды

Орал қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Әлеуметтік маңызы бар шарада бірқатар отбасы көптен күткен қуанышқа кенеліп, жаңа қонысқа ие болды.

Пәтерлер мемлекеттік әлеуметтік қолдау бағдарламасы аясында сатып алынып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілді. Бұл – баспанаға мұқтаж жандарды қолдау және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстың бір көрінісі.

Салтанатты шараға Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов қатысып, жаңа қоныс иелерін құттықтады. Қала басшысы тұрғын үй мәселесі халық үшін ең өзекті бағыттардың бірі екенін атап өтіп, азаматтарды баспанамен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Айта кетейік, аталған бағдарлама аясында жалпы 53 пәтер сатып алынған. Оның басым бөлігі бұған дейін кезекте тұрған тұрғындарға табысталған болатын. Бұл жолы қалған 10 пәтердің кілті өз иелеріне берілді.

Жаңа баспанаға қол жеткізген тұрғындар қуаныштарын бөлісіп, қолдау көрсеткен жауапты мекемелерге алғыстарын білдірді.

Жаңа қоныс иелерінің шаңырақтарына шаттық, отбасыларына береке мен бақ тілейміз!

Әдемі Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
236 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
269 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
245 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
284 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»