8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Мамыр 2026 357 0
Өңір жаңалықтары

Оралда тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға жаңа пәтер кілттері табысталды

Орал қаласында тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға жаңа пәтер кілттері табысталды. Қуанышты сәтке жиналған тұрғындарды Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов құттықтап, баспаналы болған отбасыларға ізгі тілегін жеткізді.

Screenshot

Салтанатты рәсім «Ақжайық» шағын ауданында бой көтерген жаңа көпқабатты тұрғын үйде өтті. Аталған үйдің құрылысын «Болашақ-Т» ЖШС жүргізген. Бұл жолы тұрғын үй кезегінде тұрған 67 отбасы қоныс тойын тойлауға мүмкіндік алды.

Жаңа пәтерлер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, белгіленген тәртіппен берілді. Баспаналы болғандардың қатарында көпбалалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жетім балалар, бюджет саласының қызметкерлері және өзге де әлеуметтік санаттағы тұрғындар бар.

Шара барысында қала әкімі Мұрат Байменов бұл күннің тұрғындар үшін ғана емес, қала үшін де маңызды оқиға екенін атап өтті. Оның айтуынша, «Ақжайық» шағын ауданы алдағы уақытта Орал қаласының дамып келе жатқан ірі әрі қолайлы аудандарының біріне айналмақ.

– Бүгін бәріміз қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. «Болашақ» компаниясы 80 пәтерлі үйдің құрылысын аяқтап, бүгін сол пәтерлердің кілтін табыстаудамыз. «Ақжайық» шағын ауданында жолдар салынып, су және кәріз желілері тартылды. Қазіргі таңда №9 маршрут тұрғындарға қызмет көрсетіп жүр. Бұл аумақта әлі де көптеген тұрғын үйлер салынады. Сонымен қатар шағын ауданда аурухана мен екі мектеп бой көтереді. Яғни бұл аудан алдағы уақытта өзін-өзі толық қамтитын, тұрғындарға қолайлы шағын аудан болады. Ай сайын осындай жақсы жаңалықпен кездесіп келеміз. 20 мамыр күні тағы бір үйдің кілтін табыстау жоспарланып отыр,- деді қала әкімі Мұрат Байменов.

Бүгінде Орал қаласында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп келеді. Әлеуметтік осал топтарды, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту бағытында мемлекеттік бағдарламалар аясында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қала аумағында жаңа көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеріп, инженерлік инфрақұрылым да қатар дамып келеді.

Айта кетейік, 2026 жылы Орал қаласында әлеуметтік осал топтарға арналған 200 жалдамалы пәтер және 1000 несиелік пәтер сатып алу жоспарланған.

Жаңа баспанаға ие болған тұрғындар үшін бұл күн көптен күткен қуанышты сәтке айналды. Өз шаңырағының кілтін қолына алған әр отбасы үшін бұл – жаңа өмірдің, жаңа үміттің және жарқын болашақтың бастауы.

Ә.Бақытжанқызы

Screenshot

Screenshot

Screenshot

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жол / Құрылыс
Ақжайық жолдары – жаңарту кезеңінде
27 Маусым 2026
73 0
Инфрақұрылым
Ауыл балалары жаңа мектепте білім алады
27 Маусым 2026
78 0
Құттықтаймыз!
ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
26 Маусым 2026
142 0
Жол / Құрылыс
Халықаралық маңызы бар жол жаңғыртылуда
25 Маусым 2026
164 0
Бәрекелді!
Саналы ұрпақ – қуатты ел
24 Маусым 2026
171 0
Без рубрики
Мемлекеттік қызметтегі меритократия
23 Маусым 2026
177 0
Тағылым
Бүгін – Әкелер күні
21 Маусым 2026
225 0
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
299 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»