8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Мамыр 2026 444 0
Тағылым

Батырлар рухына тағзым

Бүгін Орал қаласында Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен майдангерлерді еске алуға арналған бірқатар шара өтті.


Т.Масин ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ел үшін жанын қиған батырлардың рухына құрмет көрсетілді.

Аталған шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қ.Меңдіғалиев, Орал қаласы әкімінің орынбасары А.Зиннатұлы, ардагерлер ұйымдарының өкілдері, қоғам белсенділері, жастар және қала тұрғындары қатысты.

Бұл күн – өткенге құрмет білдіріп қана қоймай, бүгінгі бейбіт өмірдің бағасын терең сезіндіретін тағылымды сәт. Сұрапыл соғыс жылдарында майдан даласында ерлік көрсеткен жауынгерлердің қайсар рухы, Отанға деген адалдығы мен елге деген шексіз сүйіспеншілігі ұрпақ жадында мәңгі сақталады.

Ерлік – елдің мәңгілік шежіресі. Батырлар рухына тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы әрі бейбіт болашаққа деген жауапкершілігінің көрінісі.

Ә.Бақытжанқызы

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
234 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
265 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
243 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
282 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»