Ерлікке тағзым
Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай Орал қаласындағы Жеңіс алаңында салтанатты гүл шоқтарын қою шарасы өтті. Мәңгілік алау маңына жиналған қауым майдан даласында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, батырлар рухына құрмет көрсетті.

Шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, қала әкімі Мұрат Байменов, соғыс ардагерлері, мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, сот және құқық қорғау саласының өкілдері, әскери қызметшілер мен қала тұрғындары қатысты.
Жиында ел басына күн туған ауыр кезеңде Отан үшін күрескен майдангерлердің ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің жанқияр еңбегі ерекше аталып өтті. Қатысушылар мемориал алдына гүл шоқтарын қойып, бүгінгі бейбіт өмір жолында құрбан болған жауынгерлердің рухына тағзым жасады.
Сондай-ақ қала тұрғындары «Қазақ халқының даңқты қыздары», Масин, Жуков ескерткіштеріне, «Бауырластар» зиратына және «Ол күндердің даңқы өшпейді» монументіне гүл шоқтарын қойды.
Деректер бойынша, Батыс Қазақстан облысынан майданға 76 мыңнан астам азамат аттанып, олардың 36 мыңы елге оралмаған. Ерлігімен ерекшеленген өңірдің 40 жауынгері Батыр атағына ие болса, 6 азамат «Даңқ» орденінің толық иегері атанған. Қазіргі таңда Орал қаласында Ұлы Отан соғысының 6 ардагері тұрады.
Бүгін Мәңгілік алау басына қойылған гүл шоқтары – ерлікке тағзымның, батырлар рухына деген мәңгі құрметтің белгісі. Өйткені ерлік ұмытылмайды, батырлар рухы мәңгі жасайды!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Жайық үні
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді
Бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге қатысты жауапкершілік туралы еске салды
Әлеуметтік желілерде арандатушылық пен алауыздықты қоздыруға мүлдем жол берілмейді – Бас прокуратура
Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Батыс Қазақстан облысында «50 жаңа аула» экологиялық акциясы жалғасуда
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудағы цифрлық мониторинг
ІІМ: «Жас сақшы» сыныптарының алғашқы түлектері сертификат алып, заңға қызмет ету жолын таңдады
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде

Кіру


