Оралда ұландықтар 101 жастағы майдангерді Жеңіс күнімен құттықтады
Орал қаласында Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай тағылымы мол тағзым шарасын ұйымдастырды. Өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы, полковник Акбаров Нариман Алмабекұлы Ұлы Отан соғысының ардагері Скаленко Венамин Пантелеевичтің шаңырағына арнайы барып, майдангерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.

Ғасыр жасаған қарияға құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған кездесуде полковник Нариман Акбаров ардагерге Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының атынан алғыс хат пен арнайы сый-сияпат табыстады.
Салтанатты сәт барысында әскери оркестрдің жеке құрамы соғыс жылдарындағы әйгілі «Катюша» және «День Победы» әндерін орындады. Жеңіс жылдарының үніндей болған әуендерді тыңдаған ардагер көзіне жас алып, өткен күндерді еске алды.
– Біз сұрапыл соғысты көрдік. Ол кезде жағдай өте ауыр болды. Халық аштықты да, қиындықты да бастан өткерді. Майдан даласында талай боздақтан айырылдық. Бізден кейінгі ұрпақ енді ондай қасіретті көрмесін. Еліміз әрдайым бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрсін,- деді ардагер.
Өз кезегінде өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы полковник Нариман Акбаров майдангердің ел алдындағы еңбегі өлшеусіз екенін атап өтті.
– Сіздердің ерліктеріңіз – бүгінгі бейбіт өмірдің негізі. Отан үшін жасаған жанқиярлық еңбектеріңіз ешқашан ұмытылмайды. Біз кейінгі жас буынға майдангерлердің ерлігі мен өнегелі өмір жолын насихаттап жүреміз. Бұл – біздің парызымыз,- деді қолбасшы.
Кездесу барысында қолбасшы ардагердің биыл қазан айында 102 жасқа толатынын айтып, мерейлі жасымен міндетті түрде арнайы келіп құттықтайтындарын жеткізді.
Тағылымды шара өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, майдангерлерге деген құрметтің жарқын көрінісіне айналды.
ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
Оралда ұландықтар 101 жастағы майдангерді Жеңіс күнімен құттықтады
БҚО-да «Бағдаршам» жас жол қозғалысы инспекторларының облыстық слёті өңірдің барлық ауданынан келген оқушыларды біріктірді
Қоғамдық қауіпсіздікке қолдау: полиция қызметкерлеріне 81 жаңа автокөлік берілді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев өңір халқын Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Коммуналдық инфрақұрылым: өңірде жаңғырту жұмыстары жалғасады
БҚО-да ағайынды екі жігіт фитозертхана ұйымдастырды деген күдікке ілінді
Цифрлық сарбаз: ефрейтор Комрон Тулабоев армия тиімділігін ІТ шешімдер арқылы арттыруда

Кіру


