8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Мамыр 2026 61 0
Өңір жаңалықтары

Жел электр станциясының құрылысы басталады

Батыс Қазақстан облысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағытындағы ауқымды жоба жүзеге аспақ.Өңірде тұңғыш рет қуаттылығы 50 МВт болатын жел электр станциясының құрылысы басталады. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде баламалы энергия үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасымен үндеседі.

Болашақ энергетикалық нысанның құрылыс алаңында өткен уақыт капсуласын салу рәсіміне облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен қытайлық инвестор қатысты.

Жел электр станциясын салу үшін 140 гектар жер телімі бөлінген. Аукцион қорытындысы бойынша жобаны «GREEN ENERGY INDUSTRIAL COMPANY CENTRAL ASIA» ЖШС жүзеге асырады. Компания директоры Гао Венкенің айтуынша, инвестиция көлемі 21 млрд теңгені құрайды. Бұдан бөлек, құрылыс аумағында 8 ай бұрын арнайы анемометр орнатылып, желдің жылдамдығы мен бағытына тұрақты мониторинг жүргізілген. Зерттеу нәтижелері аталған аумақта станцияның тиімді жұмыс істеуіне қолайлы жағдай бар екенін көрсетті.

Жоба тек энергетика саласы үшін ғана емес, өңір экономикасы үшін де маңызды. Ауқымды инвестиция тарту арқылы жергілікті инфрақұрылым жаңарып, құрылыс кезеңінде қосымша жұмыс орындары ашылады. Ал нысан пайдалануға берілгеннен кейін облыстың энергия жүйесіндегі тұрақтылық артып, баламалы қуат көздерін тиімді пайдалану мүмкіндігі кеңейеді. Бұл өз кезегінде аймақтың инвестициялық әлеуетін күшейтіп, болашақта жаңа жобалардың жүзеге асуына жол ашады.

Жаңа нысандағы құрылыс жұмыстары осы айда басталып, келесі жылы толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Нысан іске қосылғаннан кейін 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, құрылыс және маусымдық жұмыстарға 50-ге жуық адам тартылады. Станцияның кепілдік мерзімі 20 жылды құрайды.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев өңірде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті. Алдағы уақытта Жәнібек ауданы Өнеге ауылында да гибридті электр станциясының құрылысы басталмақ. Мұндай жобалар облыстың энергия импортына тәуелділігін азайтып, жергілікті қуат көздерін дамытуға жол ашады.

Соңғы үш жылда облысты энергиямен жабдықтау саласына 44 млрд теңгеден астам қаржы бағытталған. Биыл бұл мақсатқа 20 млрд теңге бөлінді. Жоспарға сәйкес, 2029 жылға қарай электр желілерінің тозу деңгейін 11 пайызға төмендету көзделіп отыр. Жаңартылатын энергия саласындағы жаңа жобалар өңірдің тұрақты дамуына, инвестициялық тартымдылығының артуына және тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамтуға ықпал етпек.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жел электр станциясының құрылысы басталады
08 Мамыр 2026
61 0
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
07 Мамыр 2026
71 0
Құттықтаймыз!
Бүгін – Отан қорғаушы күні
07 Мамыр 2026
66 0
Без рубрики
Ел үшін туған Лекер
06 Мамыр 2026
49 0
Әскер | Қызмет
Офицер
06 Мамыр 2026
44 0
Тағылым
Отанға адал азамат
06 Мамыр 2026
93 0
Өңір жаңалықтары
Еліміздегі ең ірі кеме Каспийге аттанды
05 Мамыр 2026
139 0
Мәдениет
Ерлікке тағзым, ұрпаққа аманат
04 Мамыр 2026
196 0
Қалалықтар қаперіне
Қалалықтар назарына!
04 Мамыр 2026
146 0
Без рубрики
WUF13 Festivalı
04 Мамыр 2026
83 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»