Қоғамдық қауіпсіздікке қолдау: полиция қызметкерлеріне 81 жаңа автокөлік берілді
7 мамыр – Отан қорғаушы күні қарсаңында Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің материалдық-техникалық базасы жаңа көліктермен толықты. Салтанатты түрде тәртіп сақшыларына 81 қызметтік автокөлік табысталды.
Мерекелік жиынға қатысқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев полиция қызметкерлері мен сала ардагерлерін Отан қорғаушы күнімен құттықтап, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбектеріне алғыс білдірді.
Аймақ басшысы өңірде Мемлекет басшысының тапсырмалары жүйелі түрде жүзеге асырылып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, соңғы үш жылда халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін салалардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 15 млрд теңгеден астам қаржы бағытталған. Осы қаражатқа 1 мыңға жуық арнайы техника сатып алынса, оның 331-і тәртіп сақшыларының қызметіне берілген.
Сонымен қатар өткен жылы облыстық бюджет комиссиясының шешімімен 935 млн теңге бөлініп, полиция департаментіне 66 автокөлік сатып алынған. Бұл қолдау «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға, полиция қызметінің тиімділігін арттыруға және тұрғындардың құқық қорғау органдарына деген сенімін күшейтуге бағытталған.
Нариман Төреғалиев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – үлкен жауапкершілік екенін айтып, жаңа көліктер полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуіне, қызмет сапасын арттыруына және өңірдегі тәртіпті нығайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Салтанатты шара барысында бірқатар полиция қызметкеріне мерзімінен бұрын арнайы шендер беріліп, ҚР Ішкі істер министрінің, облыс әкімінің және департамент бастығының атынан марапаттар табысталды.
Ә.Бақытжанқызы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздікке қолдау: полиция қызметкерлеріне 81 жаңа автокөлік берілді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев өңір халқын Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Коммуналдық инфрақұрылым: өңірде жаңғырту жұмыстары жалғасады
БҚО-да ағайынды екі жігіт фитозертхана ұйымдастырды деген күдікке ілінді
Цифрлық сарбаз: ефрейтор Комрон Тулабоев армия тиімділігін ІТ шешімдер арқылы арттыруда
БҚО-да ардагерлерге 5 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетілді
Жергілікті атқарушы органдар мен «КПО б.в.» компаниясы арасындағы өзара іс-қимыл пысықталды

Кіру







