8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Мамыр 2026 1008 0
Қоғам

Оралда Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты жиын өтті

Орал қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиында ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында қызмет етіп жүрген азаматтарға құрмет көрсетілді.


Шараға әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Жиын барысында Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов құттықтау сөз сөйлеп, Отан алдындағы жауапты қызметтің маңыздылығына тоқталды.

Қала басшысы ел қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтау жолында адал еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегі әрдайым жоғары бағаланатынын атап өтті. Сонымен қатар қызметтік міндетін абыроймен атқарып, кәсібилік пен жауапкершілік танытқан бірқатар азаматты Алғыс хаттармен марапаттады.

Барша Отан қорғаушыларды мерекемен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілейміз!

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
250 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
281 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
257 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
295 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»