8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қаңтар 2019 2611 0
Өзек

МАЛДЫҢ ТЕРІСІН ҚАЛДЫРЫП КЕТКЕН ЖҮРГІЗУШІ АНЫҚТАЛДЫ

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі Орал қаласындағы «Орбита» саяжай қауымдастығы аумағында ірі қара малдың терілерін тастап кеткен жүргізушінің анықталғанын хабарлады. 

17 қаңтар күні сағат 13.59-да Орал қаласы Полиция басқармасы Абай полиция бөлімінің кезекшілік бөліміне Орал қаласының тұрғыны хабарласып, әлдекімнің «Орбита» саяжай қауымдастығы аумағына ірі қара малдың терілерін түсіріп кеткенін хабарлаған.  Оқиға орнына полиция инспекторлары барып, іздестіру жұмыстары барысында бейнебақылау камерасына түсіп қалған көлікті, кейіннен жүргізушінің кім екенін анықталған.

Тексеріс барысында 13 қаңтарға қараған түні 1989 жылы туылған қала тұрғыны «Камаз-5511»  автокөлігімен ірі қара малдың терілерін түсіргені және оқиға орнынан кетіп қалғаны  анықталған. Терілердің жалпы салмағы 5-6 тонна шамасында.

Қазіргі уақытта бұл азамат ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік жауапқа тартылған.

Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысында өткен жылы ҚР ӘҚ туралы Кодекстің 505-бабы бойынша 3927 тәртіп бұзушы  жауапқа тартылған. Ал Орал қаласы Полиция басқармасы желдел басқару орталығының мәліметінше, 2018 жылы Орал қаласындағы бейнебақылау камералары арқылы 16 104 заңбұзушылықтың жолы кесілген.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
121 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
191 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
230 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
269 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»