Мемлекет басшысының тапсырмасы: Қазақстанда отандық ғалымдардың әзірлемелері негізінде жаңа зауыт іске қосылды
Алматы қаласында қазақстандық технологиялар негізінде өндірістік қалдықтардан құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт іске қосылды. Жоба Satbayev University ғалымдарының қатысуымен отандық жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылды.
Ғылыми топ рецептураларды әзірлеуден және шикізатты іріктеуден бастап технологиялық процестерді баптауға және сериялық өндірісті іске қосуға дейінгі жұмыстардың толық циклін қамтамасыз етті.
Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың университеттер жанынан технологиялық парктер құру және ғылымды өнеркәсіп саласына интеграциялау жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында іске асырылады. Diatomite зауыты – Satbayev University базасында жүзеге асырылып жатқан Technopark Stroytech ірі инновациялық жобасының құрамдас бөлігі.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауына ие болған жоба Satbayev University, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Металлургия және кен байыту институты, сондай-ақ индустриялық серіктес – «Savenergy» компаниясының қатысуымен жүзеге асырылады.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек атап өткендей, жобаның бірегейлігі ғылым мен бизнестің тиімді кооперациясында:
«Бұл жоба – университеттердің тек кадр даярлау орталығы ғана емес, сонымен қатар индустриялық дамудың драйверіне айналуының нақты үлгісі. Мұндай тәжірибені еліміздің барлық өңірінде кеңінен тарату жоспарланып отыр».
Жобаның негізгі ерекшелігі – жергілікті минералдық шикізат пен қайта өңделген өнеркәсіптік қалдықтарды пайдалану. Satbayev University профессоры-зерттеушісі Руслан Нұрлыбаевтың айтуынша, әзірленген технологиялар жаңа құрылыс материалдарын жасап қана қоймай, оларды өнеркәсіптік өндіріске сәтті енгізуге мүмкіндік берді. Осылайша, бұрын пайдаланылмаған қалдықтар құрылыс саласы үшін сұранысқа ие ресурсқа айналып, экологиялық жүктемені азайтуға және өндірістің экономикалық тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Қолданылатын технологиялық шешімдер патенттермен қорғалған. Өндірілетін құрылыс қоспалары жоғары беріктік сипаттамаларына ие, ұлттық стандарттарға сәйкес келеді және тиісті сертификаттаудан өткен. Өнімдер қазірдің өзінде отандық құрылыс компаниялары тарапынан қолданылып, олардың сапасы мен нарықтағы сұранысын растап отыр.
ҚР жаңа Конституциясында айқындалған елдің стратегиялық бағытын іске асыру аясында білім мен технологияға негізделген экономиканы дамыту айрықша маңызға ие. Осыған байланысты ғылыми қауымдастықты экономиканың қолданбалы салалық міндеттерін шешуге тарту басым бағыттардың бірі.
Кәсіпорын базасында жаңа буын мамандарын даярлауға арналған оқу-зертханалық кешен жұмыс істейді. Магистранттар мен докторанттардың ғылыми зерттеулерге қатысуы, сондай-ақ инновациялық құрылыс материалдарын сынақтан өткізу көзделген.
Алдағы уақытта өнім түрлерін кеңейту, өндірістік қуаттарды арттыру және технологиялық шешімдерді еліміздің өзге өңірлеріндегі ұқсас кәсіпорындарда енгізу жоспарланған.
Соңғы жаңалықтар
Тарихи оқиға – Маңғыстаудың киелі орындары ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне ресми түрде енгізілді
Киберспорттың әлемдік жұлдыздары «Болашақ ойындары 2026» турниріне қатысу үшін Астанаға келуде
Сақ болыңыз: сайлау қарсаңындағы анонимді сауалнамалар – әлеуметтанулық зерттеу емес, ықпал ету құралы
Жаңақала ауданында ардагерлер мен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталас өтті
Жаңақала ауданында мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шара өтті
Ақжайық ауданында жастар арасында адалдық пен жауапкершілік құндылықтары талқыланды
Ақжайық ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны өтті
Казахстан развивает ядерные технологии не только в энергетике, но и в медицине, промышленности, экологии и науке
«Донат» үшін ойдан құрастырылған оқиға бас бостандығынан айыру жазасымен аяқталды
Ақша табу үшін Threads желісінде әскердегі зорлық-зомбылық туралы жалған ақпарат таратқан 23 жастағы астаналық сотталды
Құрылтай сайлауы өткен соң, 145 депутат заң шығарушы органға 5 жылға жайғасады

Кіру

