8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Сәуір 2026 452 0
Таза Қазақстан

Шаһарда шырша көшеттері отырғызылды

Орал қаласында санитарлық-экологиялық айлық аясында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш жанындағы тынымбақта ағаш екпелері отырғызылды. Іс-шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, ардагерлер мен жастар қатысты.

Шара барысында тынымбақ аумағына 15 шырша егіліп, жасыл желекті әрі қарай күтіп-баптау жұмыстары қалалық коммуналдық мекемелерге жүктелді.

Аймақ басшысы өз сөзінде табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың қоғам үшін маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасының негізгі қағидаттары еліміздің жаңа Конституциясында көрініс тапқанын атап өтті.

– Табиғатты қорғау – құр сөз емес, ол баршамыздың ортақ конституциялық борышымыз. Халықтың өмір сапасын жақсарту мен айналаны көркейту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады, -деді Нариман Төреғалиев.

Мемлекет басшысының орман қоры аумағында 2 миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасы өңірде кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. 2027 жылға дейінгі өңірлік жоспарға сәйкес, өткен жылы 2222 гектар аумаққа 8,3 млн дана ағаш екпесі отырғызылды. Ал биыл бұл көрсеткішті арттыру жоспарланып, 8,8 млн дана ағаш-бұта тұқымдастарының екпелерін егу көзделіп отыр.

Сонымен қатар елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары да жалғасуда. 2025 жылы өңір бойынша 242,2 мың дана ағаш отырғызылса, биыл Орал қаласы мен облыс аудандарында 47,2 мың түп ағаш егу жоспарланған. Бұл жұмыстар өңірдің экологиялық ахуалын жақсартып, тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Искусственный интеллект
Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival
25 Мамыр 2026
30 0
Білім
Соңғы қоңырау сыңғырлады
25 Мамыр 2026
83 0
Білім
Соңғы қоңырау
25 Мамыр 2026
48 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой бағылады
24 Мамыр 2026
120 0
Өңір жаңалықтары
Халықаралық әуе рейстерінің саны артады
20 Мамыр 2026
216 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»