30 наурыз – Халықаралық қалдықсыз күн
Халықаралық қалдықсыз күн аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасында қалдықтарды тұрақты басқаруға көшу және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту маңыздылығын атап өтеді.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігі қалдықтарды басқару саласын жүйелі түрде реформалауды жүргізуде.
Маңызды кезеңдердің бірі 2025 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2026-2030 жылдарға арналған барлық қалдық түрлерін басқару тұжырымдамасының бекітілуі болды. Бұл құжат сала дамуының тұтас әрі кешенді моделін қалыптастыратын алғашқы стратегиялық құжат болып табылады.
Реформаның негізгі элементі ретінде «Жасыл даму» АҚ базасында Ұлттық қалдықтарды басқару орталығын құру жоспарлануда. Жаңа орталық бүкіл жүйенің үйлестірушісі болып, ведомствоаралық өзара іс-қимылды, бірыңғай стандарттарды және ұлттық деңгейде бақылауды қамтамасыз етеді.
Негізгі бағыттардың бірі қалдықтардың түзілуінен бастап кәдеге жаратылуына дейінгі барлық кезеңдерде есепке алу мен мониторингтің цифрлық жүйесін енгізу болып табылады. Бұл қалдық ағындарының ашықтығын қамтамасыз етуге, есептіліктің сенімділігін арттыруға және көлеңкелі айналымды азайта отырып мемлекеттік бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.
Тұжырымдама саладағы жинақталған проблемаларды шешуге бағытталған. Олардың қатарында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу деңгейінің төмендігі, қалдықтарды көму үлесінің басымдығы, инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, сондай-ақ өндірістік және қауіпті қалдықтардың едәуір көлемінің жинақталуы бар.
Реформа аясында сұрыптау және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту, қайталама ресурстар нарығын қалыптастыру, тарихи жинақталған қалдықтар мәселесін шешу және қауіпті әрі медициналық қалдықтарға бақылауды күшейту көзделген.
Сонымен қатар, бұрын жүйелі инфрақұрылым болмаған ауылдық елді мекендерде қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметтерін кеңейтуге ерекше назар аударылады. Бұл ретте рұқсат етілмеген қоқыс орындарын азайтуға және өңірлердің экологиялық қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Тұжырымдама қалдықтарды ресурс ретінде қарастыратын айналымды экономика моделіне көшуді де көздейді. Ол қайта өңдеуді және қайта пайдалануды ынталандыруды, инвестиция тартуды және заманауи кәдеге жарату технологияларын енгізуді қамтиды.
Ұсынылған шараларды іске асыру қалдықтарды басқарудың заманауи әрі ашық жүйесін қалыптастыруға, қайта өңдеу деңгейін арттыруға және экологиялық тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Қалдықтарды тұрақты басқаруға көшу және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту бағыттағы негізгі құралдардың бірі – EcoQolday бағдарламасы. Бағдарлама тиімді қалдықтарды жинау және қайта өңдеу жүйесін қалыптастыруға, сондай-ақ ел бойынша қайта өңдеуші кәсіпорындарды қолдауға бағытталған.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Тарихи оқиға – Маңғыстаудың киелі орындары ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне ресми түрде енгізілді
Киберспорттың әлемдік жұлдыздары «Болашақ ойындары 2026» турниріне қатысу үшін Астанаға келуде
Сақ болыңыз: сайлау қарсаңындағы анонимді сауалнамалар – әлеуметтанулық зерттеу емес, ықпал ету құралы
Жаңақала ауданында ардагерлер мен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталас өтті
Жаңақала ауданында мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шара өтті
Ақжайық ауданында жастар арасында адалдық пен жауапкершілік құндылықтары талқыланды
Ақжайық ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны өтті
Казахстан развивает ядерные технологии не только в энергетике, но и в медицине, промышленности, экологии и науке
«Донат» үшін ойдан құрастырылған оқиға бас бостандығынан айыру жазасымен аяқталды
Ақша табу үшін Threads желісінде әскердегі зорлық-зомбылық туралы жалған ақпарат таратқан 23 жастағы астаналық сотталды
Құрылтай сайлауы өткен соң, 145 депутат заң шығарушы органға 5 жылға жайғасады

Кіру