8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Наурыз 2026 592 0
Таза Қазақстан

Оралда Тазару күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті

Бүгін Орал қаласының тұрғындары биылғы алғашқы жалпықалалық сенбілікке шықты. Тазалық шарасы «Наурызнама» онкүндігі аясындағы Тазару күніне орай ұйымдастырылды.

Сенбілік жұмыстары қала аумағында жүргізіліп, негізгі шара Тұңғыш Президент алаңында өтті. Аталған алаңдағы тазалық жұмыстарына 300-ге жуық адам қатысты.

Шара барысында облыс әкімі Нариман Төреғалиев тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтап, Тазару күні тек бір реттік шара емес, табиғатты аялауға үндейтін маңызды бастама екенін атап өтті. Өңір басшысы қала тазалығын сақтау әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі екенін айтып, сенбіліктерге белсенді қатысуға шақырды. Сондай-ақ Орал қаласының алдағы уақытта да таза әрі жасыл шаһар мәртебесін сақтап қалуы үшін барша жұрттың үлесі қажет екенін жеткізді.

Тазалық жұмыстары барысында алаң аумағы қоқыстан тазартылып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері сырланды. Сонымен қатар аумақ сыпырылып, субұрқақ маңындағы плиталар жуылды. Арықтар тазартылып, қар күреліп, аумақ ретке келтірілді.

Айта кетейік, алдағы уақытта Орал қаласы бойынша санитарлық-экологиялық айлық өткізу жоспарланып отыр. Бұл бастама қаланың тазалығы мен көркін арттырумен қатар, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін күшейтіп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
164 0
Құттықтаймыз!
Абыройға бөленген Айгүл ханым!
06 Маусым 2026
177 0
Өңір жаңалықтары
37 отбасы қоныс тойын тойлады
05 Маусым 2026
231 0
Қоғам
Деркөл тұрғындарымен кездесті
05 Маусым 2026
249 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 150 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді
04 Маусым 2026
302 0
Қалалықтар қаперіне
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ АЛАҢЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТЕКСЕРІЛДІ
03 Маусым 2026
282 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»