8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Ақпан 2026 1186 0
Көңіл айтамыз

Көңіл айтамыз!

Батыс Қазақстан жұртшылығы қабырғасын қайыстырған ауыр қазаға ортақтасып, көрнекті кәсіпкер, қоғам қайраткері, ғалым, меценат, Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Владимир Байтенязович Асановтың дүниеден өтуіне байланысты шынайы көңіл айтамыз.

Саналы ғұмырын ел игілігіне арнаған азамат Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты. Ауыл шаруашылығын өркендетіп, талай жанға жұмыс беріп, қайырымдылық пен меценаттықтың жарқын үлгісін көрсетті. Өзі негізін қалаған агроқұрылымдар арқылы өңірдің дамуына серпін берді. Сондай-ақ білім мен ғылым саласына қолдау білдіріп, КазИИТУ ғылыми-білім кешенінің ашылуына үлес қосты.

Артында өшпес із, өнегелі іс, тағылымды жол қалдырған арда азаматтың жарқын бейнесі ел жадында сақталады.

Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын.
Отбасы мен туған-туыстарына, барша жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

КазИИТУ ғылыми-білім кешенінің ұжымы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
280 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
306 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
284 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
324 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»