8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Ақпан 2026 1141 0
Мезгіл мәселесі

Аида Балаева: Конституцияға қатысты фейктер тарап, тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттер жасалуда

Біз бүгінде еліміздің алдағы даму бағыты айқындалатын тарихи кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Жаңа Конституция жобасын талқылау – мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды оқиғаға айналды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева фейсбукте жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өкінішке қарай, кейбір әлеуметттік желі қолданушылары жағдайды теріс мақсатта пайдаланып, еліміздегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттерге баруда. Арандатушылар негізсіз ақпарат таратып, жалған парақшалар мен аккаунттар ашқан (мысалы, Мұхтар Шахановтың, Шавкат Рахмоновтың және өзге де тұлғалардың атынан ашылған фейк-аккаунттар арқылы тіл, жерді сату секілді мәселелер бойынша арандатушылық ақпарат пен үндеулер жариялануда), – дейді Аида Балаева.
Оның айтуынша, елде ірі митингілер мен жаппай наразылық акциялары өтіп жатыр деген жалған хабарлар таратылып, Конституцияның жекелеген баптарын әдейі бұрмалап түсіндіру фактілері де кездесуде.

Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдары мен танымал парақшаларға техникалық шабуылдар жасалып жатқаны туралы да хабарлар түсіп отыр. Қазіргі уақытта уәкілетті орган ретінде біз бұл жағдайды жан-жақты зерделеп, тиісті шаралар қабылдап жатырмыз. Осыған байланысты тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын. Жалған ақпарат тарату қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады, – деп жазды министр.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Таза Қазақстан
Шаһарда шырша көшеттері отырғызылды
03 Сәуір 2026
100 0
Құттықтаймыз!
Президент Алғыс хаты табысталды
03 Сәуір 2026
101 0
Digital
DIGITAL QAZAQSTAN BATTLE
27 Наурыз 2026
284 0
Қоғам
Қылмыстық іс қозғалды
27 Наурыз 2026
297 0
Наурыз
Наурыз мейрамы – Ақ Жайықта!
22 Наурыз 2026
410 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»