8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Қаңтар 2026 1274 0
Өзек

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының мәтінінде шетелдіктерге жер сатуға тыйым салу алынып тасталды деген жалған ақпараттың таралуын тіркеп отыр.

Screenshot

Орталық аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және фактілерді бұрмалау болып табылатынын мәлімдейді.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының 6-бабы 3-тармағына сәйкес «жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар» жөніндегі тұжырым жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасындағы тұжырыммен бірдей болып табылады және қандай да бір өзгерістерге ұшыраған жоқ.

Қосымша атап өтеміз, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия аталған нормалар өзгеріссіз қалуға тиіс екенін растады. Бұдан бөлек, егер бұрын мемлекеттің тұтастығы мен унитарлығы мәселелеріне қатысты ережелер қорытынды және өтпелі қағидаларда қамтылған болса, жаңа Конституция жобасында олар конституциялық құрылыстың негіздері ретінде бастапқы тарауларда бекітілген. Бұл мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен базалық қағидаттарының өзгермейтіндігіне берілетін құқықтық кепілдіктерді едәуір күшейтеді.

2026 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының 2-бабы:

2-т. Қазақстан Республикасының Егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, бөлінбеуін, оған қол сұғылмауын қамтамасыз етеді.

6-т. Қазақстан Республикасының Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы мен басқару үлгісі өзгермейді.

Осылайша, шетелдіктерге жер сатуға тыйым салудың күшін жою туралы мәлімдемелердің құқықтық негізі жоқ және азаматтарды жаңылыстырады.

‼ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы фактілерді әдейі бұрмалау және манипуляциялық ақпаратты тарату құқықтық салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салады және азаматтар мен медиа қауымдастық өкілдерін мәліметтерді ресми дереккөздерден тексеруге, сондай-ақ деструктивті және манипуляциялық түсіндірмелердің таралуына жол бермеуге шақырады.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Искусственный интеллект
Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival
25 Мамыр 2026
60 0
Білім
Соңғы қоңырау сыңғырлады
25 Мамыр 2026
108 0
Білім
Соңғы қоңырау
25 Мамыр 2026
68 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой бағылады
24 Мамыр 2026
137 0
Өңір жаңалықтары
Халықаралық әуе рейстерінің саны артады
20 Мамыр 2026
226 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»