ҚАР ҚҰРСАУЫНАН 7 КӨЛІК ШЫҒАРЫЛДЫ
Ауа райының күрт бұзылуына байланысты бүгін, 12 қаңтар күні сағат 9.00-ден бастап 16.00-ге дейін Батыс Қазақстан облысында бірқатар жолдар жабылған болатын. БҚО ТЖД Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі басқармасы 4 СМС-жіберілім жасады. Алайда, ескертуге қарамай, кейбір облыс тұрғындары жолға шығып омбы қарға кептеліп қалған. БҚО ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп қар құрсауынан 7 жеңіл автокөлігін шығарды.

Нақтырақ айтқанда, сағат 10.00 шамасында «Тасқала-Орал» автожолының 5-ші шақырымында ТЖБ (1 қызметкер), ЖАО (1 жұмысшы, 1 тех.), «Қазавтожол» ЖШМ (2 қызметкер жəне 2 техника) күштері тазартылған жол бөлігіне қарға кептеліп қалған 5 жеңіл автокөлікті тартып шығарды. Бұл көліктерде 13 адам болған. Барлығы дін аман. Медициналық көмекке жүгінген жоқ.
Сондай-ақ сағат 12.00 шамасында «Тасқала-РФ шекарасы» тас жолының 7 шақырымында ТЖБ (1 қызметкер), ЖАО (1 жұмысшы, 1 тех.), «Қазавтожол» ЖШМ (1 қызметкер жəне 1 техника) күштері тазартылған жол бөлігіне қарға кептеліп қалған 2 жеңіл автокөлікті тартып шығарды. Көліктерде 10 адам болған.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыс аумағындағы автожолдарда әлі де қауіп бар екенін ескерте отырып, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қатты жауын-шашын кезінде алыс жолға шықпауларыңызды сұрайды!
Айта кетейік, күні бұрын облыс аумағында қатты жауын-шашын болатыны ескертілген болатын.

Жәдігер ҚҰСАЙЫНОВ, БҚО ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу