8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қараша 2025 1184 0
Мезгіл мәселесі

Оралдықтармен кездесті

31- ші қазан күні БҚО халық шығармашылық орталығының акт залында облыс әкімі Н.Төреғалиев Орал қаласының тұрғындарымен кездесті. Жиында Орал қаласының әкімі М.Байменов алдымен шаһарда атқарылып жатқан жұмыстардың орындалу барысы жөнінде баяндап,алдағы жүзеге асатын істерге барлық тұрғындардың атсалысып,заманауи қалаға айналуы үшін белсенділік танытуы қажет,- деді. Бұдан соң тұрғындар жер телімінің берілуі не себепті тоқтатылды, мүмкіндігі шектеулі балаларға инватакси қызметінің баяулығы, Строитель шағын ауданындағы 44 үйдің лифтісінің ескіріп, тозғандығы және инклюзивті мектеп ашу, жеке кәсіпкерге дүңгіршекке жердің қалай берілетіні секілді шағымдары айтылды. Сондай – ақ Камалов,16 жаңа үй тұрғындарының жанайқайы, Мөңкеұлы көшесі-83 тұрғындарының жертөлесіне жаңбыр мен қар суының кетуі, Өскен ауылындағы гридердегі балшықтың кесірінен көліктің жүруіне жағдай қажеттігі сияқты сауалдар жолданды. Бұл мәселелер бойынша БҚО әкімі Н.Төреғалиұлы тиісті органдар мен қала әкімінің орынбасарларына тікелей тапсырма берсе, кейбір сұрақтарға Орал қаласының әкімі М.Байменов пен орынбасары Ж.Дүйсенғалиев жауап беріп,бақылауға алатындарын жеткізді. Жиыннан кейін өңір басшысы тұрғындарды жеке қабылдап, уәждерін тыңдады.
«Жайық үні»
Бұл туралы газеттің келесі санынан толықтай оқуға болады.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»