Зашағанда мәселе көп…
Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов кезекті кездесуін Зашаған кенті тұрғындарымен өткізді. Мұнда да жергілікті халық өздерін толғандырған сұрақтарын бүкпесіз жеткізді.
Жиында алдымен Зашаған кентінің әкімі Аққали Әубәкіров атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, 2023 жылы Медициналық колледж ауданынан №53-ші 600 орындық (мердігер «Жайық Жарығы» ЖШС) мектептің құрылысын бастаған. Енді биыл осы мектеп қолданысқа берілуі тиіс. Сонымен қатар кентте 32 ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп, Ақжайық, Теректі, Бәйтерек аудандарының жеке кәсіпкерлерімен тығыз байланыс орнаған. Жалпы 584 бұралқы иттер ауланса, Орал қалалық ветеринарлық станциясының қарамағында 44 ит бар көрнеді. Жалпы ұзындығы 168 611 метр жол жөнделген. Соның ішінде «Рыбцех» елді мекені мен Ш.Уәлиханов көшесінде асфальт жабындысы салынған. «Сарытау» шағын ауданындағы 9 көшеге 2727 метр, «Балауса» шағын ауданында 2 көшеге, «Болашақ» шағын ауданындағы 7 көшеге және Жоғары медициналық колледж аумағында, №53 ЖОББМ –нің кіреберісне жол салынады.
Кентте 4400 жарықшам бар. Бұған қоса, болашақта 415 жарықшам мен 298 жарық бағаналары орнатылады. «Коминтерн» шағын ауданында, 25 Чапаевский дивизия көшесінің 6 үйі маңындағы мекен – жайларда алаңдар орналасқан. Осы жұмыстардың қалғаны жылдың соңында аяқталуы тиіс. Әкімнің баяндамасын тыңдаған соң бір топ ата – аналар мектепке қатынайтын «Газель» көлігі оқушыларға тарлық ететінін және мектептің қасынан не себепті аялдама салынбайтынын, арықтың балалар үшін қауіпті екенін айтып, шағымданды. Соңғы уақытта полигонның жағымсыз иісінен көптеген адамдардың денсаулығы сыр бергенін де жасырмады. «Көктем» шағын ауданындағы Қобыланды батыр көшесі 25 жыл бойы жөндеу көрмепті. Аталмыш көшенің тұрғындары ауа – райының жаңбырлы күндері, әсіресе мектепте оқитын балалардың балшық кешіп жүргенін ашық айтып, «Ақжайық» шағын ауданына қатынайтын №9 маршруттың Радлов пен Жанқадашов көшесінің ортасына аялдама орнатуын өтінді.
Сол секілді С.Рахимов көшесінде жарық шамдар аз екен. «Құс фабрикасы» бау – бақша серіктестігінің тұрғыны жаңадан салған баспанасына газ бен су жүргізе алмай жүрегінін айтты. Сондай –ақ байырғы тұрғындар Әзірбаев көшесіндегі көлді сумен толтыру қажет деді. Кенттің бір тұрғыны Радлов көшесіне щебень төсетіп берген қалалық мәслихат депутаты Ерлан Жұмашевқа ризашылығын білдірді.
Бұл сауалдарды тыңдаған қала әкімі Мұрат Байменов кезең – кезеңмен мәселелердің шешілетінін түсіндіріп, бөлім басшыларына тапсырма берді. Зашаған кентінің әкімі Аққали Үмбетқалиұлы жоспар бойынша Құлагер көшесіне жөндеу жүргізіледі деді.
Бұл туралы мақаланы газеттің осы аптадағы нөмерінен оқуға болады.
«Жайық Үні»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру