8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қыркүйек 2025 1529 0
Руханият

Өмірі өлеңмен өрілген

Бүгін,қыркүйектің 5- і күні,» AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет орталығының үлкен залында «Тарлан»‘сыйлығының лауреаты, Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық байқаудың қорытынды кеші өтті. Алдымен жазушының ғұмырнамасы жөнінде аталмыш байқаудың жүргізушісі А.Бисенғалиев мағлұмат берді. Бұдан соң » AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы А.Сафималиев барша қатысушыларды Тіл мерекесімен құттықтап, поэзия бойынша 3- орын иегері А.Бақиев, 2- орын Л.Меңдібек, 1 – орын иегері А.Әлібекұлына қаржылай сертификатты табыстады.Сондай-ақ проза бойынша 2-орын Н.Едігенов пен 3- орын А.Омарованы марапаттады. Балалар шығармасы бойынша 1- орынға А.Меңдалиева, 2- орынды Н.Әбдірешова мен Ғ.Адақ, 3-орынға Т.Сейтжанова иеленді. Шараның соңында Е.Ақбасов, Г.Ахметова, А.Қуаналиев ақынның сөзінен жазылған әндерді шырқап, барлығының көңілін серпілтті.
«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»