8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қыркүйек 2025 1287 0
Білім

Жаңа оқу жылына жол бастады

Кеше Оралдағы «Жастар» стадионында «КазИИТУ» ғылыми- білім кешені ұжымының Білім күніне орай салтанатты жиыны өтіп, оған облыстық білім саласының өкілдері,ардагерлері,профессорлық- оқытушылық құрамы мен студенттер қатысты. Жиын ҚР Мемлекеттік Әнұранмен басталып,»КазИИТУ» ғылыми – білім кешенінің құрылтайшысы, академик А.Әйтімов,облыстық мәслихат төрағасы М.Мұқаев, ардагер -ұстаз Ө.Құспанов, жылы лебіздерін айтып,барша жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады. Бұдан соң А.Әйтімов ҚР ғылым және жоғары білім министрінің төсбелгісімен РЖТК директоры А.Маратованы,»Құрмет грамотасымен» Д.Камильқызын, Н.Сайлауқызын, М.Хайроллақызын және «Ғылым үздігімен» Н.Аманбаевты, «Білім беру ісінің үздігінің» Құрмет грамотасымен А.Рахимованы марапаттады. Сондай- ақ аталмыш университеттің ректоры Ә.Баяхов, Халықаралық Цифрлық технологиялар , Сәулет және құқық колледжінің директоры Д.Әйтімов, РЖТК директоры А.Маратова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары С.Галиевалар жүрекжарды лебіздерін жеткізіп, бірқатар оқытушыларға Орал қаласының әкімі М.Байменовтың Алғыс хаты табыстады. Шараның соңы Жастар мәдениет сарайы өнерпаздарының концертіне ұласып, барлықтарының көңілдерін серпілтті.
«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
244 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
275 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
252 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
290 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»