8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Тамыз 2025 1471 0
Оқиға

Заңсыз қару және есірткі заттарын сақтағаны үшін ұсталды

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Сырым аудандық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Сырым ауданының екі тұрғыны заңсыз қару және есірткі заттарын сақтағаны үшін ұсталды.
Тінту барысында тәркіленген заттар:
Бірінші күдіктіден:
Тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшылық мылтық;
Әр түрлі калибрдегі 6 оқ-дәрі;
500 грамнан астам есірткіге ұқсас өсімдік тектес ұнтақ;
Есірткі тұтынуға арналған 6 шприц пен пластик бөтелке.

Екінші күдіктіден:
Газетке және пакетке оралған өсімдік тектес заттар;
Үш шприц пен арнайы құрылғылар.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық тәркіленген заттарға сот-химиялық және баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта есірткі заттарының шығу көзін анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
БҚО Полиция департаменті есірткі қылмысының алдын алу мен заңсыз қару айналымын тоқтату бойынша жұмыстарын жалғастыруда.

БҚО ПД Баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
237 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
270 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
246 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
285 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»