8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Маусым 2025 1155 0
Суық хабар

Жол апаты анықталды

Осы жылдың 2 – маусым күні сағат 22:30 шамасында Батыс Қазақстан “Подстепное — Меловые Горки” айналма автожолында ауыр жол-көлік оқиғасы тіркелген болатын. Оқиға жаңа көпір маңында болған еді.
БҚО ПД мамандарының хабарлауынша, «Лада Калина» автокөлігінің жүргізушісі шығыс бағытта қозғалып келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан алдымен «КамАЗ» жүк көлігімен жанаспа соқтығыс болған, артынша «DAF XF440» жүк көлігімен бетпе-бет соқтығыс орын алған.
Жол апаты салдарынан «Лада Калина» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмса, ауыр жарақат алған жолаушы Орал қаласындағы көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жеткізіліп, 3 маусым күні есін жыймастан қайтыс болды.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жол-көлік оқиғасының нақты себептері мен мән-жайлары анықталуда.
Жолда сақ болайық, ағайын!
Айнара ИСА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
98 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
188 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
227 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
266 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
345 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»