8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Сәуір 2025 4808 0
Ғылым

Ғылымның жетістіктері сараланды

Бүгін, сәуірдің 11-і күні, «Атамекен» өнер орталығында инженерлік ғылым, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект саласындағы ғылыми – практикалық мәселені талқылау, экономика мен қоғамның түрлі саласында қолданудың жаңа мүмкіндіктері мақсатында Ғарыш күніне және ҚР Ғылым қызметкерлерінің күніне орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ҚР Ұлттық инженерлік академиясының қолдауымен, «КазИИТУ» ғылыми – білім кешенінің ұйымдастыруымен «Инженерлік ғылым,цифрлық қоғам және жасанды интеллект: дамудың жаңа мүмкіндіктері мен перспективалары» атты тақырыпта халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға РФ, Қырғызстан, Қазақстан мемлекеттерінің ғалымдары мен зерттеушілері қатысты. Жиынды Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры Ә.Баяхов ашып, конференцияның ерекшелігіне тоқталды.

Бұдан соң «КазИИТУ» ғылыми – білім кешенінің құрылтайшысы, Ұлттық инженерлік академиясының вице – президенті А.Әйтімов, БҚО қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Г.Шөкеева, Орал қаласындағы Бас консульдығының вице – консулы К.Погорельский, П.Королев атындағы Самара ұлттық зерттеу университетінің доценті Р.Юсуповтар тақырыпқа сай пікірлерін айтып,ойларын ортаға салды.

Сондай-ақ «КазИжТЖУ» ММБМ мен «Ұлттық технологиялық жүйелер мен кешендер» ғылыми – өндірістік бірлестігі ЖШС «Технокомплекс» ҒОБ бас директоры П.Малинин БҚО – дағы сумен жабдықтау жүйелеріндегі ресурс, энергияны үнемдеу, енгізу, кадрлар даярлау жүйесі бағытында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Конференцияның соңы секциялық отырысқа жалғасты.

«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
234 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
265 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
243 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
282 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»