8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Сәуір 2025 5277 0
Білім

Экспедиция мүшелері Оралда!

Бүгін, 5 сәуір күні түсауа М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Ұлттық құндылық. Қазақ этнографиясы. Зейнолла Сәнік – 90 жыл» атты республикалық экспедицияның алқалы жиыны өтті.


Соңғы уақытта Батыс өңіріне сапарға шыққан айтулы экспедицияны танымал ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов бастап келді.

Сонымен қатар Жазушылар одағының БҚО өкілі, редактор Бауыржан Ғұбайдуллин және Ақ Жайықтағы бір топ қаламгерлер, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің проректоры Мерген Қуанышұлы, профессор-оқытушылар құрамы бас қосқан шарада Зейнолла Сәніктің мұрасы, қазақ этнографиясы жайында сөз қозғалып, бейнебаян көрсетілді.

Экспедиция мүшелері, танымал тұлғалар – Ахмет Тоқтабай, Әміржан Қосан, Серік Қалиевтер Зейнолла Сәдіктің ұлттық құндылықтарға қосқан үлесі туралы ой қозғады.

Осы шараның тағы бір жағымды жаңалығы – «Зейнолла Сәнік атындағы мәдени қордың» құрылтайшысы, кәсіпкер Қанат Зейноллаұлы тағайындаған “дарынды ақын Есенғали Раушанов атындағы шәкіртақы» – М.Өтемісұлы атындағы БҚУ-дың филология факультетінің 3-курс студенті, жас ақын Нұрдана Темірге табысталды.

Жиын соңында республикалық экспедицияның мақсаты, алдағы уақыттағы жоспары жайында қорытынды сөз айтылып, ұсыныстар ортаға салынды. Экспедиция әрі қарай батыс өлкесінің басқа да қалаларында жалғасын таппақ.

М. Өтемісов атындағы БҚУ-дің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
234 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
265 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
243 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
282 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»