8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Ақпан 2025 6504 0
Бәрекелді!

Ел мерейін асқақтатқан Отан қорғаушылар

Бүгін, ақпанның 14-і күні Орал қаласындағы темір жол вокзалында, №5517 әскери бөлімінің бір топ құрамы «UAESWAT Challenge» халықаралық жарысқа қатысушыларды пойыздан көтеріңкі көңіл – күймен қарсы алды.


Бұдан соң √5517 әскери бөлімінің акт залында Дубай қаласында өткен жеңімпаздарды құттықтауға арналған салтанатты жиын өтті.

Онда сөз сөйлеген Орал қаласының әкімі М.Байменов Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Төреғалиевтың құттықтауын жеткізді. – Батырларымызға әлемдік аренадағы ерліктері үшін, спорттық бәсекеде 76 елден 103 команданың ішінен үздік ондыққа еніп, еліміздің мерейін үстем еткендері үшін алғысымды айтамын. Бұл – әскери қызметшілердің кез келген сайысқа дайындықтарын аңғартты. Отбастарыңызға амандық,таусылмас жігер тілеймін!-деген М.Байменов барлық жеңімпаздарды Алғыс хатпен марапаттады.

Шарада «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік- құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Б.Алазов та тілегін жеткізіп, «Батыс»өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының уақытша міндетін атқарушы Н.Акбаровтың атынан Отан қорғаушыларға Алғыс хат табыстады.

Жиын соңы әскери оркестрдің орындауындағы патриоттық әндерге ұласты.

Жайық үні
Бұл туралы газеттің √8 санынан оқисыздар.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
100 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
190 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
229 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
268 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
347 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»