8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Ақпан 2025 5816 0
Сайлау

Сайлаудың маңызы зор

Кеше Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да Дүниежүзілік сайлау күніне орай, «Сенің дауысың маңызды» атты саяси-құқықтық сауаттылықты жетілдіріп, азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру мақсатында жас сайлаушылардың форумы өтті.

БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Жоламанов, облыс әкімінің орынбасары Қ.Меңдіғалиев, облыстық мәслихат төрағасы М.Мұқаев қатысқан жиында елдегі саяси реформалардың мәні, сайлау жүйесіндегі жаңашылдықтар, мәслихаттың атқаратын рөлі, жастардың қоғамдағы белсенділіктері,сайлаудың өтілу тәртібі туралы баяндады.

Бұдан соң белсенді жастар Ж.Алғадай, Ж.Жандәулетова, М.Құрманбаев тарихи маңызға ие сайлауға жастардың белсенді қатысып, елдің дамуына әрбір таңдаудың айрықша орын алатыны туралы ойларын айтып, өз ұсыныстарын да жеткізді.

Форумның соңында белсенді жастарды Ә.Жоламанов Алғыс хаттармен марапаттады.

«Жайық Үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
234 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
265 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
243 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
282 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»