8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қаңтар 2025 4206 0
Қоғам

Шекарашылармен кездесті

Кеше, қаңтардың 16-сы күні, «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті БҚО бойынша департаментінің қызметкерлерімен кездесу өтті.


Осы білім ордасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттер бас қосқан жиынды Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры Әліби Баяхов ашып жүргізді.

Өз кезегінде «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы,академик Ақсерік Әйтімов аталмыш университеттегі жасанды интеллект, инновациялық технологиялар бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Бұдан соң ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Сухраб Мусаев әскери қызметкерлердің ұшақсыз дронмен,заманауи техникамен тығыз жұмыстануы үшін алдағы уақытта білім алуларына зор мүмкіндік екенін атап өтті.

Одан әрі білім беру, ғылыми-зерттеу шеңберінде әріптестікті , ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қойды. Жиынның соңында студенттердің сұрақтарына тұшымды жауап берілді.

Г. СЕРІКҚЫЗЫ

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
235 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
268 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
244 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
283 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»