8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Желтоқсан 2024 6254 0
Бәрекелді!

Рухани құндылықтар орталығына – 80 жыл

Бүгін, «Мәдени жол-80» жобасы аясында «Мерейлі мәртебе» атты тақырыпта облыстық халық шығармашылығы орталығының 80 жылдығына орай мерекелік жиын өтті.

Алдымен аталмыш орталықтың жүріп өткен сара жолынан сыр шертетін жаңа музей ашылды. Музейдің лентасын мәдениет саласының еңбек ардагерлері Райса Шынтемірова мен Гүлсім Қадешова қиды.

Бұдан соң салтанатты жиын өтіп, облыс әкімі Нариман Төреғалиев қүттықтау сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы «Ұлт мәдениеті – халық өмірінің айнасы, оның болмысы»- деп өз Жолдауында атап көрсеткенін, батыс өңірінде мәдениетіміз бен руханиятымыздың дамуына өзіндік үлесін қосқан аталмыш орталықтың еңбегін айтып, бұрынғы директорлары мен еңбек ардагерлерін Алғыс хатпен марапаттады.

Сондай -ақ «Еңбек даңқы» төсбелгісін Галина Абылаева, Арман Базаров, Батырхан Қайров иеленсе, басқв да сала мамандарына облыстық мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі басқармасының Алғыс хаты берілді. Маңғыстау,Қостанай,Қызылорда,Қарағанды облыстарынан келген қонақтар – Нұрболат Кудусов, Индира Қанафина, Гүлнар Молдашева, Қонысбай Мәлік жүрекжарды тілектерін жеткізді. Салтанатты жиыннан соң танымал әнші Наркенке Серікова, Қуаныш Жексен, Асхат Үрпеков әуелете ән шырқап, қошеметке бөленді.

Сондай-ақ өнерпаздар өнерлерімен тәнті етіп, кештің шырайын келтірді.

Гүлжан Аязбаева

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
235 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
268 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
244 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
283 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»