8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қазан 2024 5186 0
Қалалықтар қаперіне

Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды

Бөкей Орда ауданына жұмыс сапары аясында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Сайқын ауылындағы аудандық сотының жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысты.


Іс-шара республика күніне орай өтті.
Айта кету керек, бұрынғы аудандық сот тозығы жеткен ауыл шетіндегі ғимаратта орналасқан болатын.

Ескі сот ғимаратына кіреберіс жол мен көлік тұрағы да болмаған. Бұрынғы соттың жұмыс кабинеттері тар болғандықтан да қызметкерлер мен сотқа келушілерге қолайсыздық туғызды.

Ал, жаңа сот ғимараттың жалпы ауданы 720 шаршы метрді құрайды. Ішінде кеңесу бөлмесі, азаматтық және қылмыстық істерді қарауға арналған сот залы, мәжіліс залы, күзет бөлмесі, мұрағат, адвокат пен прокурордың кабинеттері бар.
Сот өрт сөндіру және қауіпсіздік жүйесімен, бейнебақылау камераларымен, қауіпсіздік жүйелермен, құрылымдық кабельдік желімен және т.б заманауи қондырғылармен жабдықталған.

Жаңа сот ғимараты жергілікті бюджет есебінен салынды.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев аудан тұрғындары мен сот қызметкерлерін осы маңызды оқиғамен құттықтады.
«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін жетілдіруді, материалдық-техникалық базаны нығайтуды, сот қызметіне жаңа технологияларды, цифрландыруды енгізуді тапсырған болатын. Судьялардың 9-шы съезінде Президентіміз Әділетті Қазақстанды құруда соттардың маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Өңіріміздегі барша сот мамандары әрдайым әділдікті ту етіп, Мемлекет басшысының реформаларын тиімді іске асыратынына сенемін», – деп атап өтті облыс әкімі.

Ашылу салтанатына ҚР Сот Әкімшілігі басшысының орынбасары Жантемір Шакиев, БҚО облыстық соты төрағасының м.а., сот саласының ардагерлері мен қызметкерлері, сондай-ақ аудан тұрғындары қатысты.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»