8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қазан 2024 5170 0
Қалалықтар қаперіне

Құқық бұзушылыққа жол бермейтін Telegram чат боты іске қосылды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметінің басты мақсаты халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына қанағаттанудың деңгейін арттыру болып табылады.


Өз кезегінде Департамент осы бағыттағы жұмысында қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіруге ерекше назар аударылады.

Осылайша барлық өңірлерде Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің аумақтық департаменттерімен мемлекеттік қызметтерді алу саласындағы мәселелерді жедел шешуге және қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге бағытталған Telegram чат іске қосылды.

Ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды Telegram парақшасына бағыттайтын арнайы QR-кодтар көрсетілген.

Аталған арна арқылы азаматтар қандай да бір қызметті алу кезінде туындаған мәселелер бойынша шағымдана алады. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, Департамент қызметкерлері оларды жою жөнінде дереу шаралар қабылдайтын болады.

Осылайша, қызмет алушылардың құқықтарын қорғау аясында Департамент мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын тиісті бақылаумен қамтиды.

Осыған байланысты қызмет алушылар құқықтары бұзылған немесе мемлекеттік қызмет көрсету саласында сұрақтар туындаған жағдайларда «EgovKzBot2.0» Telegram бот-платформасы арқылы жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»