«Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жүруде
«Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы күнінде 335 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Батыс Қазақстан облысында ағымдағы жылғы қыркүйектің 2-6 күндері аралығында жергілікті атқарушы органдармен қоғамдағы құқық бұзушылықты анықтау, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелердегі және басқа да қоғамдық орындардағы қылмыстардың алдын алу бағытында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Аталған іс-шараның алғашқы күнінде 15 қылмыс ашылып, алып жүруге тыйым салынған заттарымен 3 адам ұсталды, оның ішінде бір тұрғыннан «суық қару» ретінде саналатын зат пен 1 атыс қаруы тәркіленді.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен іздеуде жүрген 1 қылмыскер ұсталды.
Тәртіп сақшылары акцияның алғашқы күнінде 335 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Атап айтқанда іс-шара барысында: ұсақ бұзақылық бойынша – 4 (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы), қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішкен – 49 (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы), шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін – 6 (ҚР ӘҚБтК 517-бабы бойынша), көлік құралын алкогольдік мас күйде басқаруы (ҚР ӘҚБтК 608-бабы) — 3 тұлғаға хаттама толтырылды.
Сонымен қатар, ЖПІШ барысында Бөкейордасы аудандық полиция бөлімінің 1990ж.т. ауыл тұрғынының үйін тексеру кезінде бұрын тіркелмеген 16 калибрлі «БМ» маркалы қос ұңғылы атс қаруы табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабына (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
БҚО ПД баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру