8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Шілде 2024 7566 0
Қоғам

Газ тасымалдау желілерінің иесіз екені анықталды

Батыс Қазақстан облысында Қаратөбе ауданы прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ететін 132 км газ тасымалдау желілерінің иесіз екені анықталды.


БҚО прокуратурасынан мәлім еткеніндей, пайдалану ережелері мен сақтық шараларын мұқият сақтауды талап ететін иесіз мүлікке уақтылы қызмет көрсету шараларын қолданбау газдың үздіксіз жеткізілуіне әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар жергілікті тұрғындар мен қоршаған ортаға қауіп төндіреді.

«Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар прокурорлардың шаралары бойынша газ құбырын сот арқылы мемлекет меншігіне алды. Газ құбырын мемлекет меншігіне алу алдағы уақытта газбен қауіпсіз қамтамасыз ету және газ құбырлары мен басқа да газ тарату желілерінің зақымдануын болдырмау бойынша тиісті шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деп хабарлады ведомстводан.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
236 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
269 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
245 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
284 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»