8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Шілде 2024 4523 0
Қалалықтар қаперіне

Ойын-сауық орындарында жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді

БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Орал қаласы прокуратурасының, сондай-ақ бірқатар полиция қызметтері мен басқа да ведомстволардың қызметкерлерімен бірлесіп қаланың 11 ойын-сауық орындарында жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Көңіл көтеру орындарын тексеру барысында тиісті құжаттарсыз жүрген 26 күзетшінің заңсыз қызметі анықталды. Күзет бекеттерін тексеру кезінде қолдан жасалған таяқтар, жиналмалы қалта пышағы, «Таран»маркалы 2 резеңке таяқ табылып, тәркіленді. Барлық күзетшілерге қатысты тиісті шаралар қабылдау мақсатында БҚО бойынша МКД-ға бастапқы материал жинақталды.

Сонымен қатар, мекемелердің бірін тексеру кезінде қызметтік иттердің көмегімен сары түсті ұнтақ заты бар «ЗИП пакет» табылды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабына сәйкес тергеу басталды.

Қоғамдық орында «кальян» қызметін көрсетіп, пайдаланғаны үшін мекемеге келушілер мен әкімгерлерге қатысты 14 әкімшілік хаттама толтырылды. Ойын-сауық орындарында болған 9 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды, олардың екеуі даяшы және бармен ретінде жұмыс істеген. Жасөспірімдердің ата-аналары мен мекеменің әкімгерлеріне қатысты 10 әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай – ақ, тексеру барысында Орал қаласының пробация қызметінде есепте тұрғандардың 2-еуі келуші ретінде болса, ал екеуі тәуліктің түнгі уақытында бұл мекемелерде бармен және даяшы болып заңсыз жұмыс істеген.

Сонымен қатар, әскери қызметке шақырылушылар тізіміндегі адамдардың екеуі анықталып, БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жеткізілді.
Аталған бағытта жұмыстар әлі де жалғасады.

БҚО ПД Баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»