8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Маусым 2024 3201 0
Бәрекелді!

Мемлекеттік награда алды

Ақордада елімізде орын алған су тасқыны кезінде белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өткізілді. Аталмыш іс-шара барысында мемлекет басшысы бұл бұрын болмаған ең жойқын табиғи апат екенін атап өтті.


«Біз табиғи апат кезінде жұрт болып жұмылдық. Сонымен қатар, біртұтас ел екенімізді көрсете білдік. Құтқарушылар, әскерилер, ішкі істер органдары мен әкімдік қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеді. Олар Отан алдындағы парызын мінсіз атқарды. Бір сөзбен айтқанда, антқа адал болды»,- деді мемлекет басшысы.

Шара барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Асқап Нұрбол «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

– Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан осындай жоғары марапат алып, құрметке ие болу мен үшін үлкен мәртебе. Ел Президенті кеудеме осы медальді таққан сәтте тұла бойымды мақтаныш пен қуаныш тербеп өзіме өзім сене алмадым. Әрине ол сәттегі толғанысты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сол сәтте менің түсінгенім, маған артылған жауапкершіліктің еселене түскенін сезіндім. Бұл медаль мен үшін өте ыстық. Себебі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан әскер қатарындағы қызмет барысында ие болған алғашқы медальім – бұл мен үшін мақтаныш – деді өз сөзінде Ұландық жауынгер Асқап Нұрбол.

ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ
баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
236 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
269 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
245 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
284 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»