8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Маусым 2024 3072 0
Қалалықтар қаперіне

Қаратөбеде 90 үй бой көтермек

Батыс Қазақстанның Қаратөбе ауданында тамыз айының соңына дейін 90 үй бой көтермек. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынының зардаптарын жою мақсатында жұмысты жеделдету бойынша белсенді шаралар қабылдап отыр.

Қаратөбе ауданы Қоржын ауылында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арналған 90 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс барысын gov.kz порталы арқылы онлайн бақылауға болады.

Құрылыс жұмыстарын а. ж. тамыз айында аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, 13 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.

ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 3 332 нысанға техникалық зерттеу жүргізілген. Зерттеу нәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарланған:

– 401 тұрғын үй салу;

– 1 497 үй сатып алу;

– 1 434 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Инфрақұрылымды жедел қалпына келтіру, тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: kazinform.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
93 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
186 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
225 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
264 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
343 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»