Елімізде қоғамдық бақылаушылар жол сапасын тексереді
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды қоғамдық ұйымдармен бірге жүзеге асырмақ.

«Жолшылар ашық және айқын жұмыс істейді. Мұны сөзбен емес, іс жүзінде көрсету үшін жол саласының мамандары өздерінің барлық өндірістік жұмыстарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамдық бақылаушылармен бірге жүргізуге дайын. Осындай ниетпен Жол активтері сапасының ұлттық орталығы басшылығы «Әділдік жолы» өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. Қоғамдық ұйымның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру, парасаттылық идеологиясын ілгерілету, сыбайлас жемқорлық құқық бұзу әрекетін жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою», – делінген Жол активтері орталығы мәліметінде.
Атап айтқанда, ҚР Көлік министрлігі «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК мен «Әділдік жолы» РҚБ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжаттың тармақтарында жол-құрылыс материалдары сынамаларын іріктеу, жол сапасына сараптама және диагностика жүргізу кезінде қадағалаушы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамдық бақылаушылардың қатысуы көзделген.
Жол активтері сапасының ұлттық орталығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында қазіргі кезде зертханалық сынақтар жүргізудегі процестерді цифрландыруға көшу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.
«Жол-құрылыс материалдары сынамаларына QR кодтау әдісін қолдану әдісі енгізіліп жатыр. Бұл жерде нысан немесе мердігердің атауы және материалдардың қай жерден алынғаны туралы ақпарат көрсетілмейд. («Олимп» медзертханасының аналогы). Кәсіпорында жол-құрылыс материалдары сынақтарын жүргізу процестерін және сынақ жабдықтарынан деректерді автоматты түрде KazRoadLab бірыңғай базасына беруге мүмкіндік беретін автоматтандыру жүйесі енгізілді. Бұл жерде зертханашы мәліметтерді қолмен жазып отырмайды. Ведомстволық сараптама порталы жұмыс процесін жеңілдетеді және жол жобаларындағы техникалық кемшіліктер мен тәуекелдерді жедел әрі сенімді анықтауға мүмкіндік береді. Осы әзірлемелердің барлығы адами факторды жоққа шығарады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Сондай-ақ, жақын арада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім нысандарда тұрақты бейнебақылауды қамтамасыз ету жоспарланған», – деді ЖАСҰО Бас директорының орынбасары Арман Қайырбеков.
Өз кезегінде «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов жолдың сапасын жақсарту үшін ұйым не істеп жатқанын айтты.
«Біз арнайы сайт құрдық және азаматтардың өтініштері үшін колл орталығын іске қостық. 8 ай ішінде жолдарға қатысты 2000-ға жуық шағым келіп түсті. Барлық осы өтініштер бойынша біз жол учаскелеріне барамыз. Нәтижесінде мердігерлер көбінесе жолды қалпына келтіру жұмыстарын дереу бастайды. Себебі қоғамдық бақылау болған кезде – мердігердің көзқарасы мүлдем басқаша. Сондықтан Жол активтері сапасының ұлттық орталығымен бірлескен жұмыстарымыз жолдарымыздың сапасын жақсарту үшін тек оң нәтиже беретініне сенімдіміз», – деді Д. Смағұлов.
Дереккөз: kazinform.kz
Соңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру