8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Сәуір 2024 3298 0
Қалалықтар қаперіне

Құжаттандыру бойынша көмектесуде

БҚО Полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындарды құжаттандыру бағытында құқықтық көмек көрсетуде.


Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері эвакуациялау пункттерін аралап, тұрғындарға құжаттандыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Өңірімізде орын алған су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындар арасында жеке куәлігі суға кеткен немесе жоғалған жағдайға тап болған тұрғындарды құжаттандыру мақсатында Халыққа қызмет орталықтарында қосымша құжаттандыру пунктері қызмет атқаруда.

Егер қандай да бір себептермен азаматтар су тасқыны кезінде құжаттарын жоғалтып алса немесе сақтап үлгермей қалса, кезек күтпей-ақ мамандарға жүгіне алады.

Сонымен қатар, 12 эвакуациялық пункте 2 487 адам тұрып жатыр, оның 1081-і балалар. Әр эвакуациялық пункте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері қатарынан тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылуда.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
234 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
265 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
243 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
282 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»