8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қаңтар 2019 3581 0
Өзек

«САНДЫҚТАР» ДҮКЕНІНЕ ТҮЙІП КІРГЕН

 1 қаңтар күні  сағат 04.00-де «Peogeot»  автокөлігінің жүргізушісі Даумов көшесімен оңтүстік бағытта жүріп келе жатып, басқару рөліне ие бола алмай, «Сандықтар»  дүкеніне түйіп кірген.

     

Орал қаласы Полиция басқармасының ЖППБ инспекторлары оқиға  орнына шығып, бастапқы материалдарды жинап, Орал қ. ПБ АЕК-ге тіркеді.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде жүргізуші ауруханаға жатқызылды. Жүргізуші ауруханадан шыққаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

«Келтірілген шығын заңға сәйкес өтелетін болады» деп хабарлады БҚО баспасөз қызметі.

Екі жыл бұрын да осы ғимаратқа «Пассат» көлігін тізгіндеген жүргізуші соғылып, салдарынан жүргізуші мен жолаушы қыз оқиға орнында көз жұмған еді.

Айта кетейік, «Сандықтар» дүкені І топтағы мүгедегі Біржан Қожақовқа тиесілі. Біржан Морякұлының шеберханасынан шыққан жиһаздар Батыс Қазақстан өңірімен қатар еліміздің басқа облыстары тұрғындары арасында да сұранысқа ие. Ұжымда бүгінде 35 адам жұмыс жасайды. Олардың 21-і мүмкіндігі шектеулілер.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
236 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
269 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
245 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
284 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»