8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Сәуір 2024 3122 0
Мезгіл мәселесі

Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді

Қазіргі таңда еліміздің бірнеше аумағында су тасқыны күшейіп барады. Елдің батыс өңірінде ахуал өте күрделі. Осы орайда, көптеген құрылымдар тасқын суға қарсы күресуде өз үлестерін қосуда.

Ұландықтар ел басына туған бұл қиындықтан құтылу үшін өз күштерін аямай, халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін күресуде. Бүгінгі таңда еліміздің көк туын шетелге асырып, бұлбұлдай дауысымен барша әлемді тамсандырып жүрген әнші Димаш Құдайберген Ұлттық ұлан жауынгерлеріне өз алғысын білдірді.

– Қазіргі таңда Ұландықтардың атқарып жүрген еңбектері ұшан-теңіз. Халқымыздың тыныштығы мен қауіпсізді үшін барын салып, күн-түн демей қызмет атқару – ол да бір ерлік десем де артық айтқаным емес. Ұландықтардың бұл ерлігі ел есінде мәңгі қалады, – деп мәлімдеді Димаш Құдайберген.

Атап айтар болсақ өз кезегінде Димаш Құдайберген де игі істен шет қалмай, туған жері Ақтөбеге сапар жасап, қайырымдылық қорына 15 миллион теңге аударды.

Бақдәулет МАНАРБЕК, лейтенант
Батыс ӨңҚ баспасөз қызметінің офицер корреспонденті

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
236 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
269 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
245 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
284 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»