8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Сәуір 2024 2672 0
Оқиға

Пышақталған құтқарушы ем алып жатыр

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысу барысында пышақ жарақатын алған 26 жастағы құтқарушы ауруханада ем алып жатыр.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 26 жастағы азамат Жалпақтал ауылындағы № 2 Казталов аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне 31 наурыз күні сағат 18.00-де дене жарақатымен жүгінген.

«Қазіргі уақытта науқас аталған ауруханада қажетті емін алуда. Жағдайы орташа дәрежеде ауыр, тұрақты», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, құтқарушыға Жалпақтал ауылының тұсымен өтетін Қараөзен бойында өзінің лауазымдық міндетін атқарып, кезекшілікте тұрған кезінде сол елді мекеннің тұрғыны пышақ жарақатын салған.

Аталған құтқарушы азаматтық қорғау органында 2021 жылдан бері, ал Жалпақтал ауылындағы №17 өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі лауазымында 2023 жылдан бері қызмет атқарып келеді.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі уақытша ұстау изоляторына қамалған күдіктінің жасы 30-да, сол Жалпақтал ауылының тұрғыны екенін жеткізді.

Күні бүгін ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушыны пышақтағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ полиция құтқарушыға пышақ кезеген БҚО тұрғынын ұстады.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
98 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
188 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
227 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
266 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
345 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»