Тасқынның мән-жайын түсіндірді
Наурыздың 27-сі күні Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев пен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Амангелді Ешмұханов тасқын судың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан шаралар тұрғысында БАҚ өкілдерімен кездесті.

Алдымен қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев 26 наурызда қалада түске дейін 30 000 шаршы метрден астам су сорылғанын айтты. Қазақстанда 10 000 – нан астам шаршы метрге су көбейіп, дәлірек айтқанда, 40 000 шаршы метрден асқан.
Бүгінде 150-ге жуық арнайы техникалар жұмыс атқарса, енді көліктің санын көбейту ұйымдастырылуда. Әсіресе Деркөл, Зашаған кенттерін және қаланың кейбір шағын аудандарын су басқан. Өйткені, бұл аймақтарға еріген қардың суымен қоса, таудан аққан қар суы келіп қосылған. Бұған дейін шаһарда құм салынған 18 000 қапшық дайындалып, су басу қаупі бар учаскелерге тасымалданған. 8000 – ға жуық қапшық тиісті әлеуметтік нысандардың айналасына қойылған.
Қазір Зашаған кентінің «Балауса», «Болашақ», «Кең дала» шағын аудандары мен Деркөл кентінің «Сарыарқа» шағын аудандарына төнген қауіп су сору жұмыстарының нәтижесінде сейіліп келеді.
«Жайық үні»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру