8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қаңтар 2019 2294 0
Қалалықтар қаперіне

ӘКІМШІЛІК ХАТТАМАЛАР ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ ТОЛТЫРЫЛУДА

Орал қалалық полиция басқармасының ЖПҚ аға инспекторы Динара Әбдухалықованың айтуынша, 1 қаңтардан бастап жол-көлік полициясы қызметкерлері әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаларды планшетпен электронды түрде толтыруда. Жол қозғалысын қадағалау кезінде инспектор тек тәртіп бұзушының жеке сәйкестендіру номерін ғана терсе жеткілікті. Планшетте оған қатысты барлық ақпараттар, соның ішінде айыппұлдар, соттылығының болу-болмауы туралы дерек, оның бұған дейін жасаған қылмыстары, нақты тұрғылықты жері және тіркелген мекенжайы туралы толық ақпарат шығады.

– Айыппұлдарды қағазсыз, электронды түрде рәсімдеу хаттаманы толтыру уақытын және азаматтардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді, – дейді Динара Әбдіхалықова.

Электронды түрде толтырылған хаттама автоматты түрде орталық бірыңғай базаға жіберіледі. Ал жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілер сол жерде айыппұлдарын төлеулеріне болады.

Бұл тың жүйе «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі» пилоттық жобасы аясында  енгізілуде.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
235 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
268 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
244 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
283 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»